08
декабрь
2020
Тұрмыстық қалдықтарды дұрыс пайдалана білейік!
Қазір еліміздегі экологиялық басты проблемалардың бірі – тұрмыстық қалдықтың жайы. Сағыздың қорабы, бананның қабығы, тәтті сусынның шөлмегі… Бірде-біріне назар салмастан қоқысқа жөнелтеміз. Одан кейінгі тағдыры бізге беймәлім. Арамызда мұндай шаруаға аса ыждағаттылықпен қарайтын, әрбір керек емес затты мұқият бөліп, тастайтын адамдар да бар шығар. Бірақ көбіміздің қоқысқа немқұрайлы қарайтынымыз рас.
Сондықтан тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жатуды, яғни екінші өмір сыйлауды үйренген дұрыс. Бір үлгі ретінде «Жаңа жыл» мерекесі қарсаңында лентадан аспалы шырша жасауға болады. Ол үшін бізге лента қалдығы, түрлі-түсті моншақтар, қайшы, ине-жіп жеткілікті. Аталған құралдардың барлығын үйден-ақ тез табуға болады. Жасалу жолы:
• Лентаны 20 см-дей қылып қиып, шыршаның формасына келтіріп, соңына дейін бүктейміз. Тек қатты қысып жібермеу керек. Әйтпесе әдемілігі жойылып кетеді.• Инені алып бүктелген лентаның дәл ортасынан тесеміз. Бұл лентаны жіпке тізіп шырша жасау барысында шатаспауыңыз үшін қажет.• Инені жіпке сабақтап алып (15 см-дей), жіптің ұшын қалың қылып түйнектейміз де моншақтарды (моншақтар үлкен болса, әдемі көрінеді) қалауымызша өткіземіз.• Кейін лентаны жіпке моншақтарды салу арқылы жинаймыз. Лентаның екінші ұшы біткен соң тағы да түрлі моншақтарды араластыра отырып, жіпке тізіп, жіптің ұшын түйнектейміз.Міне, біздің Жаңа жылдық мини-шыршамыз дайын.
Тұрмыстық қалдық заттарға екінші өмір сыйлау арқылы біздің экологиялық мәдениетіміз қалыптасып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесімізді қосарымыз анық.