09
декабрь
2020
Эко Асар акциясы «Пластикалық қалдықтардан пайдалы заттар жасау».
Пластик өндірісінен бастап кәдеге жаратылғанға дейін қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. Пластикалық өнімдерді шығаратын зауыттар жылына атмосфераға 400 млн. тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығарады және бүгінде жануарлардың шамамен 800-дей түрінің пластикті жеп қоюына байланысты және пластикпен улану салдарынан жойылып кету қаупі төніп тұр.Бір реттік қалталар қаланың кәріз жүйесін толтырып тастайды және су басу қаупін тудырады, пластмасса қоқыстар, туризм саласына зиян келтіре отырып, демалуға арналған орындарды, жағалаулар мен жағалау аймақтарын ластайды. Сол мақсатта 7 сынып оқушысы Шайболат Махаббат фоамиранның қалдығынан және резеңке шланганың қалдығынан роза гүлін жасады. Оған арнайы лампа орнатылған, оны өмірде қолдануға болады, себебі; лампа тоқ көзін аса көп тартпайды, сонымен қатар түнде жағып қойғанда адамға көзге пайдасы бар.