09
декабрь
2020
«Әдемі қаламсалғаштар»
Мектебіміздегі барлық оқушылар арасында үлкен қолдауға ие болған «Екінші өмір сыйлайық» акциясына 3 «А» сынып оқушысы – Ережеп Еркежан да қосылды. Ол пластик бөтелкелер, түсті қағаздар, моншақтар, құлақ тазалайтын таяқшалар және ыстық желімді қолданып, әдемі қаламсалғыштар жасады. Сабаққа дайындалатын үстеліне көрік беріп әдемі қаламсалғыштары тұр және акцияға үн қосып, сыныбының көбірек ұпай жинауына ықпал етті.