Әже тәрбиесі » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

25
январь
2021

Әже тәрбиесі

  
Қатты тұрмыстық қалдықтар 3 санатқа бөлінеді. Солардың бірі - қағаз, картон, қаптама қалдықтары. Оларды қайта өңдеудің бірінші сатысы - үйде немесе жұмыс орнында жіктеу. Ол үшін қағаз бен картон қалдықтарды басқа қоқыстармен араластырмау керек. 1 "Б" сынып оқушысы Темірғалиев Дамирдің әжесі күнделікті тұтынатын сүт өнімінен қалған қораптарды лақтырмай, жекелеме жинап, немересіне "қаламсауыт" (пенал) дайындап берді. Қажетті заттар: 3 айран қорабы, сызғыш, қайшы, түрлі-түсті қағаздар, ПВА желімі, ыстық желім. Әжесінің еңбегін көріп, қалдықтарды іске жарату бойынша тәлімін алып келе жатқан Дамирдың ертеңгі күні табиғат жанашыры болатыны сөзсіз! Рахима әже өз құралпастарын бала тәрбиесінде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырады!
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее