Қалдық заттарға жаңа өмір сыйлайық! » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

29
январь
2021

Қалдық заттарға жаңа өмір сыйлайық!

    Күнделікті тіршілікте пайдаланған зат қалдықтарын аула маңайынан,не қоқыс жәшігінен асып-тасып жатқанын көріп, «не істеуге болады емес» ,«бұның бәрін қайда апарып тастайды екен?» деген сұрақтар ғана мазалап қана қоятын. Экоақпарат алғаннан бері, қалдық заттарды оңды - солды лақтырып, қоршаған ортаның ластануына бірден- бір себепші өзіміздің күнделікті іс-әрекетіміз екенін ұқтық. 

       Қазір үй-жайында қолданыстан қалған заттарды тастамай, іске жаратудың түрлі амал-тәсілдерін құрап, отбасы мүшелерімнің барлығы атсалыса іске кірісе кетеді.Мысалы, жуыну құралдары сусабын ыдыстары мен тазартқыш құралдарының ыдыстарынан , өңдеп , жуыну бөлмесінде,өзіме және балалардың тіс тазалау құралдарына арналған қап салғыш, ас бөлмесіндегі жуу құралдарын салып қоятын қалыптар, немесе жазу құралдарын қалам, түсті бояу қарындаштар салып қоюға арналған әдемі бұйымдар жасап қойдық. Өз қиялымен жасалған бұйым тартымды ,әрі әдемі болып келеді.  Сонымен,қалдық заттарға жаңа өмір сыйлауды әдетке айналдырдық десек те болады.      

   Сөз соңында айтарым, қалдық заттарды қайта өңдеп іске жаратуды білсек, қоршаған ортаның ластанбауына тамшыдай болсын өз үлесімізді қосар едік. 

Дюсембаева Куралай Абилгазимовна

 қазақ тілі пәні мұғалімі








Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее