02
февраль
2021
Қалдықтарды бөліп жинауды әдетке айналдырайық!
Елімізде қоқысты сұрыптау мен оны қайта өңдеу өте өзекті мәселе болып отырғаны анық. 9 "в" сынып жетекшісі Узбекова Баян Ханатовна осы бағытта оқушыларымен экологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде оқушылар үйлерінде қоқысты сұрыптауды күнделікті әдетке айналдыруда. 9-сынып оқушысы Ажарова Жамал үйде қалдықтарды бөліп жинау бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Қоршаған ортаны қорғауды отбасынан бастағанымыз дұрыс.