«Қоқыс мәселесі эковолонтер назарында»
Қазіргі кездегі экологиялық проблемалардың бірі –қоқыс мәселесі. Экологтар сол мәселені шешу жолдарын іздестіруде. Біз экологтарға қалдықтарды дұрыс сұрыптап қана қоймай, ескі заттарға екінші өмір сыйлау арқылы да көмектесе аламыз. Қажет емес заттар шығармашылыққа, пайдалы тұрмыстық затқа, интерьердің ерекше бөлігіне айналуы мүмкін. Мектебіміздің жас маманы, бастауыш сынып мұғалімі, эковолонтер – Кутешова Жадыра Серикалиевна халық көп шоғырланған «Шығыс» саяжай массивінде болып, экологиялық ахуалды жақсартуға шақыратын жаднамаларды таратты. 4 дүкен мен 2 аялдамаға түсіндіру-ағартушылық бағыттағы парақшалар ілінді. Басты мақсат: тұрғындар жиналатын орындарда түсіндіру парақшаларын тарату арқылы экология мәдениетін насихаттау, тұрмыс қалдықтарын сұрыптап жинауға шақыру, қала экологиясының жақсаруына үлес қосу. Эковолонтер алдағы уақытта да осы аймақтың экоахуалын өз назарында ұстауды жоспарлап отыр.