Эко волонтёр Муратқазыева Молдир "Тұрмыстық қалдық заттарды сұрыптау сұхбаты"
"Тұрмыстық қалдықтарды заттарды сұрыптау" бойынша эко волонтер Муратқазыева Мөлдір өзі тұратын үйдегі көршілерін қалдықтарды дұрыс сұрыптауға шақырады. «Мен неге қоқыс жайлы ойлануым керек? Ай сайын коммуналдық төлем төлеп отырмын ғой», дейді тұрғындар. Бірақ, пакетке оңды-солды салынған түрлі санаттағы тұрмыс қалдықтары қала шетіне барып үйіліп жатқанынан залал көп келеді. Басынан дұрыс жиналмаған қоқыс қайта өңделетін шикізат ретіндегі құндылығын жояды – қағаз өнімдері бүлінеді, бөтелкелер жарылады, жуындымен араласады. Бұдан қоршаған ортаға орасан зор зиян келуде.Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Адамзат барда еш уақытта таусылмайтын қор – қоқыс. Ендеше полигондарда үйіліп жатқан қоқыс үйінділерін сұрыптап, жаңа өнім шығаруға әбден мүмкін.



