Үй жағдайында мата қалдықтарын кәдеге жарату » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

05
февраль
2021

Үй жағдайында мата қалдықтарын кәдеге жарату

Тіршілікте болмай тұрмайтын нәрсе – қалдықтар. Оның түрі мен қоршаған ортаға қаупі қаншалықты маңызды болса, дер кезінде тазартып, жойып отыру да үлкен жұмысты қажет етеді. Тұрмыстық қатты қалдық¬тардың құрамына тағам қалдық¬тары, қағаз, металл сынықтары, резеңке, шыны, ағаш, мата және пластик, синтетикалық қалдықтар кіреді. Қалдық¬тар¬ды сақтағанда сұйық, қатты және газ тәрізді көптеген улы хи¬микаттар пайда болады. Бұл био¬сфераға және адамзат өмі¬ріне үлкен қауіп төндіреді.
Қазір оқушылармен, ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда 5-сынып оқушысы Сайлауханова Аружан үйдегі мата қалдықтарын қалай кәдеге жаратуға болатынымен бөлісті. Ол мата қалдықтарын қуыршақтарына киімдер тігуге жаратады. Матаның ыдырауы түріне байланысты 5-15 жылды құрайтынын ескерсек, қалдықтарға екінші өмір сыйлау арқылы қоршаған ортаны қорғауға өз септігімізді тигіземіз.

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее