22
апрель
2020
Үнемді болайық
2 «А» сыныбының ата-анасы – Қамзағалиева Эльвира жеке үйде тұрады. Жеке жайды жылы ұстау үйде жағылатын отқа және терезені жылылауға байланысты. Сондықтан өзіне қолайлы жағдай жасау әр үй иесінің өзіне байланысты. Үйдің терезелері ағаштан жасалғандықтан жыл сайын жылылауды қажет етеді дей келе, терезелерін қысқа дайындау әдісімен таныстырды. Бір терезені жылылаудың өзіне айтарлықтай уақыттың әрі құралдардың қажет болатынына тоқтала келе, болашақта көп еңбекті қажет етпейтін пластик терезелерге ауыстыратынын айтты.