«Танымдық экология» вариативтік сабақ бойынша 4 «Б» сыныбында «Әлем қызықтары» тақырыбы » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » » » «Танымдық экология» вариативтік сабақ бойынша 4 «Б» сыныбында «Әлем қызықтары» тақырыбы

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

22
октябрь
2020

«Танымдық экология» вариативтік сабақ бойынша 4 «Б» сыныбында «Әлем қызықтары» тақырыбы

«Танымдық экология» вариативтік сабақ бойынша 4 «Б» сыныбында «Әлем қызықтары» тақырыбы өтілді.

Сабақ мақсаты: оқушыларды жақсы ой ойлауға, айнала қоршаған ортаға ізгі ниет тілей білуге үйрету, қолдағы бар нәрсені бағалай білу қасиетіне тәрбиелеу;

Әлемде таңдай қағарлық неше түрлі қолданыстағы заттар бар. Көпшілікті қызықтырып отырған дүниелерді бір-ақ ел ғана қолдануы мүмкін. Назарларыңызға  әлем қызықтарын ұсынуды жөн көрдік. 

Әр адам әртүрлі. Бірі өзгелермен кеңесіп киім алғысы келсе, енді біріне айналасындағылардың ойы маңызды емес. Ондайлар өздері еркін жүріп таңдағысы келеді. Соны ескере келе,  Қытайда арнайы киім салатын кәрзеңкені екі түсте шығаратын болған. Мысалы, сатушының көмегі керек дейтіндер үшін апельсин түстес кәрзеңке берілсе, өзі таңдағысы келетіндер қара кәрзеңкелерді алып жүреді. Оп-оңай. Отыратын бөлігі ауыспалы көшеде орнатылған орындықтар. 

Бейжіңде метрода жүру үшін ақыны пластикалық құтымен төлеуге де болады. Қолыңыз босамай тұрған сәтте, жеделсатымен көтерілетін қабаттың реттік санын  аяқпен басуға болады. 

Алғаш рет мектепке келіп отырған балалардың тыныш отыра алмасы анық. Бірінші сынып оқушыларына арналған парта.  «Терезесі» бар қолшатыр. 

Яғни, осы мәліметтерді көре отырып, осындай қызық заттарды өз мемлекетімізге әкеліп қолданысқа қосуға болатынына көз жеткізді. Балалардың көбіне айналмалы орындықтар мен қолшатыр ұнады. Ұнаған заттардың суреттерін де салып қойды. 







Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее