«Кітап оқушылардың кітап оқуға ықыласын арттырады» » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » » «Кітап оқушылардың кітап оқуға ықыласын арттырады»

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

03
март
2021

«Кітап оқушылардың кітап оқуға ықыласын арттырады»

Қазіргі таңда елімізде оқушы жастардың кітап оқымайтыны туралы жиі айтылатыны жасырын емес. Жалпы, оқушылар кітап оқымай ма, әлде мектеп оқушылары қызығып оқитын көркем әдебиеттер жоқ па деген сұрақтың да ойға оралатыны анық. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру барысында Семей қаласының "№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені"КММ-нің оқушыларының кітапқа құмарлығын артыру барысында қомақты жұмыс атқаруда. Яғни қазіргі таңда жас ұрпақтың кітапқа құмарлығымен қатар олардың тіл байлықтарын, ой-өрістерін кеңейтуге үлес қосу басты мақсат,басты міндетіміз деп білеміз. Сол себепті кітап оқуға құштар оқушылардың қазіргі таңда ертегілер әлеміне құлаш ұрып, кітапқа деген құрметін арттырып жатыр. Бұлар   әр сынып оқушылары - Құмархан Аяна 5"в"сынып оқушысы, Адина Кусаинова 6"б" сынып   оқушысы, Инабат  Әлібекқызы 5"а"сынып оқушысы, Қарлығаш Садықова 6"а"сынып оқушысы, Мейірбаева Айдана 7"б"сынып оқушылары бүгінде халық ертегісі"Бір үзім нан", "Мұрагер",  Ыбырай Алтынсаринның «Макта кыз бен мысык», орыс ертегісі «Сәулетті үйшік» т.б. ертегілерден "Қазақстан-Семей" телеарнасының «Сәлем, Семей» бағдарламасында ертегілер әлеміне саяхат жасап, өздерінің оқыған ертегі кітаптарының мазмұнын барлық балаларға насихаттады. Біздің ұшқыр ойлы, алғыр, саналы оқушыларымыздың кітапқа құмарлығы бізді қуантады. Саналы білім мен сапалы тәрбие беру барысында  жақсы қызмет ету -біздің мақсатымыз, мүддеміз!








Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее