25
март
2021
"Мектепке кітап сыйла" акциясы
Халықтың тарихи-мәдени құндылықтарын, соның ішінде жазба жәдігерлерді сақтау, мектеп кітапхана қорын заманауи әдебиеттермен толықтыру мақсатында мектебімізде «Мектеп кітапханасына кітап сыйла!» акциясы ұйымдастырылды. Осы акцияға мектеп түлектері өз үлестерін қосуда. Мектебіміздің 2018 жылғы түлегі Мамиржонулы Ядгарбек кітапханаға 5 кітап сыйға тарту етті. Сынып жетекшісі Абдрахманова Жанат Абдрахмановна. Осындай ұшқан ұя мектебіне құрметпен қарайтын түлектеріміз көбейе берсін!




