26
март
2021
«Әкеммен кітап оқу қандай тамаша!»
Қазіргі кезде балалардың кітап оқуы төмендеп барады. Сондықтан мектебімізде ұйымдастырылып жатқан «Оқуға құштар мектеп» жобасы балаларды кітап оқуға баулуға көп көмегін тигізбек. 3 «В» сынып оқушылары да қалыс қалмай,«Әкеммен кітап оқу қандай тамаша!» іс-шарасына үлес қосып, әкелерімен кітап оқуда. Демалыс уақытын пайдаланып, Бектурсын Еркежан, Асқар Еламан,Жеңісова Назерке, Садық Әлинұр, Жұмаш Айару әкелерімен бірге ертегі кітаптарын, «Балдырған» журналындағы әңгімелерін оқуда. Демалысты тиімді өткізіп, бос уақытымызды кітап оқуды ұмытпайық. Басқа оқушылар да бұл шарадан қалыс қалмай , кітап оқуды қолға алды деген сенімдемін.Кітап оқу тіл байлықты арттырып, рухани дамуымызға зор үлес қосады. Барлық ата-аналарды балаларыңызбен кітап оқуға шақырамыз.



