31
март
2021
4 б сынып оқушылары 5 күндік "Оқуға құштар мектеп" жобасына белсене қатысты.
Жобаға барлық сынып оқушылары (22 оқушы) қатысты. Қу түлкі", "Ғажайып әлем", "Алтын балта", "Табиғат", "Балықтарға көмек", "Кітаптар мұңы" мәтіндерін оқыдық. Әр мәтінді оқыған соң оқушылар өз түсінгендерін айтып, қағазға жазды. Балалар өздері қызыға мәтінді оқып, талдады. "Табиғат", "Ғажайып әлем" мәтіндерін оқыған кезде оқушылар табиғатты қамқорлыққа алу туралы талдады. Жоба ары қарай да жалғасса, балалардың оқу техникасына да жақсы болар еді.






