Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі: Каримова С.К. «Оқуға құштар мектеп» жобасы » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » » Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі: Каримова С.К. «Оқуға құштар мектеп» жобасы

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

01
апрель
2021

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі: Каримова С.К. «Оқуға құштар мектеп» жобасы

Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, «Семей қаласының №3 жалпы орта білім мектеп-кешені» КММ 9А, 9Б, 9В, 11Б сыныптары арасында қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабағында оқушыларға кітап оқытуда 10 минут уақыт бөлініп отырылды. Өзім сабақ беретін 11Б сынып оқушылары сабақ барысында М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінділерді «тізбектеп оқу» әдісі арқылы әр абзацтарын кезекпе-кезек оқып шықты. Сол секілді 9-сыныптарда Несіпбек Айтұлының «Бәйтерек» поэмасы оқуға берілді. 9 және 11-сыныптарда «Абайдың 17-қара сөзі» оқуға берілді. Бұндай бастама оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыра түсері айқын деп ойлаймын. Осы жоба аясында жақсы нәтижеге жетеріміз анық деп сенемін. Себебі «Артық ғылым кітапта» деген Абай атамыздың сөзі әр баланың жүрегінен орын алып, оқуға құштар оқушылардан құралған, оқуға құштар мектептер көбейері мәлім.




Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее