«Екінші өмір сыйла» қалдықтарды бөліп жинау бойынша әдістер.
№3 жалпы орта білім беретін мектеп кешені 9 «Г» сынып. Эко Асар акциясы бойынша сынып сағатында Бесеева Мадина күнделікті тұрмыста қолданылған заттардың қалдықтарын жинау бойынша өз әдістерімен бөлісті. Мадинаның қалдықтарды жинау әдісі тиімді болды. Қалдықтарды салатын контейнерлер азық –түлік жәшігінен жасалынды. Жәшіктер безендіріліп, үй ішіндегі адамдарға кедергі жасамайтын асүй бұрышына қойылды.Үш түрлі контейнер: қағаз, целофан қап және пластик бөтелкелер жинауға арналған. Контейнер толғанда Мадина бұл контейнерлерді қайта өндеуге арналған қабылдау пунктеріне жіберу үшін мектеп ішінде эко жоба бойынша құрылған «Екінші өмір сыйла» қабылдауына өткізбек. Осылайша ол жер бетін қоқыс қалдықтарынан қорғауға өз үлесін қосуда. Сондай-ақ өз сыныптастарын, құрбы достарын және туған туыстарын жер бетінің ластануына жол бермеуге, оны сақтауға және қорғап қалуға шақырады.