«Дарындылар шеруі – 2025»
2025 жылғы 21 мамыр күні №3 жалпы орта білім беретін мектепте жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Дарындылар шеруі – 2025» атты салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – мектеп мақтанышына айналған, түрлі білім, өнер, спорт және ғылыми сайыстарда озық нәтиже көрсеткен оқушыларды марапаттап, олардың жетістіктерін кеңінен насихаттау болды. Салтанатты жиында дарынды оқушылардың табыстары мен оларға жол ашқан ұстаздардың қажырлы еңбегі ерекше аталды. Сонымен қатар,