08
апрель
2020
«Қоқыс сұрыптау»
Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев короновирус пандемиясы кезінде оқшауланған қазақстандық мектеп оқушылары үшін экологиялық тақырыпқа арналған конкурс жариялады. Қазіргі уақытта отбасы мүшелері уақытын бір шаңырақ астында өткізуде. Осы мезгілді ұтымды пайдаланып 11 «А» сынып оқушысы Биболат Лаула «Қоқыс сұрыптау» номинациясы бойынша өз видео-ролигін конкурсқа жіберді. Лаула барлық адамзатты табиғатты аялап, оған зиян келтірмеуді үйренуге шақырады. Біз біргеміз!