20
март
2020
"Макулатураны жинап-ағашты сақта!» әлеуметтік жобасы
Макулатура-қағаз өндірісінің пайдаланылған өнімі, яғни жаңа өнім алу үшін қайта өңдеуге жататын түрі. Бұл дегеніміз - жаңа дәптерлер, оқулықтар, кітаптар, журналдар. Мектебіміздің эковолонтерлары "Макулатураны жинап-ағашты сақта!" әлеуметтік жобасы аясында макулатура жинау акциясын ұйымдастырды.
Жобаның мақсаты: Оқушыларға қағазды үнемді пайдалану қажеттілігін дәлелдеу арқылы табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға үйрету.
Жобаның міндеттері:
-Макулатура жинау арқылы экологиялық пайданы анықтау.
- Макулатура жинау бойынша акция өткізу
-Оқушылардың назарын қағазды үнемді пайдалану қажеттігіне аудару
-Үйде макулатураны қалай пайдалануға болатынын түсіндіру
Практикалық маңыздылығы:
- Бұл жоба қоршаған ортаға және табиғи ресурстарға жауапкершілік пен ұқыпты қарауға үйретеді;
- Макулатураны қайта өңдеу құнды табиғи ресурстарды үнемдейді;
- Акция өткізу арқылы оқушыларды табиғи ресурстарды сақтауға және қаланы қағаз қоқыстардан тазартуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жұмысқа тарту;
- Экология проблемаларына және табиғи ресурстарды қайта пайдалану қажеттілігіне оқушылар назарын аудару
Нәтижелері:
Өткізілген акция аясында біз 185 кг. макулатура жиналды.
Жиналған макулатура "СемВторСырье" ЖК-не өткізілді.
Макулатураны өткізбес бұрын тапсырылған кітап, оқулықтар, газеттер мен журналдар іріктеуден өткізілді. Пайдалануға жарамды әдебиеттерді және мерзімді басылымдарды мектеп кітапханасына тапсырып және мектеп фойесіндегі ата-аналар бұрышында орналастырды.
Интернет мәліметтері бойынша 60-тан 100 килограммға дейінгі макулатура 1 ағашты сақтап қалуы мүмкін деген тұжырым бар. Сондықтан біз бір ай ішінде барлық сынып оқушылары және ата-аналарымен бірге үш ағашты сақтадық. Бұл жұмысты жалғастыра отырып, біз жыл ішінде қанша ағашты сақтай алатынымызды жоспарладық. Жыл соңына дейін шамамен 2000 кг жинап өткіземіз. Демек, біз шамамен 30 ағашты құтқарамыз. Ал бұл біздің қаламыздың қоршаған ортасын сақтауға баға жетпес қосқан үлесіміз болып табылады.