04
декабрь
2020
«Қалдықтарға екінші өмір сыйлаймын»
4 «В» сынып оқушысы Бірлікбаев Нурали онлайн білім алуда. Бос уақытында елімізде жүріп жатқан пандемияға байланысты, анасымен бірге кішірейіп қалған киімдерінен бетперделер дайындаумен айналысуда. Қалдық заттарға екінші өмір сыйлай отырып, айналасындағы жақын жандардың аурудан сау болуына ықпал етуде. Туыстарына маска тігіп таратуда. Алдағы уақытта қайтадан мектебіне келіп білім алғысы, достары мен ұстаздарын көргісі келеді. Ендеше, бала арманы орындалсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!