Табиғатты қорғай білейік
Қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі- экологиямыздың тазалығын сақтау. Экологиямыздың тазалығы өзіміздің денсаулығымыздың да мықты болуына әсер етеді.Сондықтан қалдық заттарды тастамай, оны өзімізге қажетті зат жасап, пайдамызға асыра білгеніміз дұрыс.
3 «В» сынып оқушысы Шоханқызы Асылай қалдық заттарды тастамауға, керісінше олардан пайдалы заттар жасауға шақырады.Қоршаған ортаны ластамауды,табиғатты аялап күтуді мақсат тұтып, сіздерге өзінің пластик қалдықтарынан жасаған телефонға арналған бұйымын ұсынып отыр. Қазіргі кезде әр адамда ұялы телефон бар. Бұл зат әрқайсымызға қажет.Біріншіден қалдық заттарға екінші өмір сыйлап, табиғаттың тазалығын сақтауға үлес қоссақ. Екіншіден отбасының қаражат шығынын үнемдеуге де үлес қоссары сөзсіз. Сол себепті әрқайсымыз қалдық заттарды пайдаға асыра білсек,бұл табиғатты қорғау алдындағы міндетіміздің бірінің орындалғаны деп білгеніміз жөн.Табиғатты қорғап,қалдық заттарға «екінші өмір» сыйлай білейік.