11
январь
2021
Қысқы каникул уақытын тиімді пайдалану: ҰБТ-ге дайындық
ҰБТ - мектептің, мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың оқу кезеңінде атқарған күллі қызметіне баға беретін өзіндік бір ерекше шара болып табылады. Бұл баға мектеп үшін де, ата-ана үшін де, оқушылар үшін де оңды болуы үшін белгілі бір дәрежеде күш-қуат жұмсау қажет болады.
4 қаңтар мен 8 қаңтар аралығында мектептің каникул жоспарына сәйкес 11 сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы әрбір оқушы үшін, қашықтықтан жеке сабақтар ұйымдастырылды. Берілген кестеге сәйкес барлық ұстаздар сынама тест қорытындысының нәтижесіне сәйкес әрбір оқушымен жекелеме жұмыстар жүргізді.


