01
июнь
2020
«Үйдің жылдың қалай сақтауға болады»
«№3 ЖОББМК – нің 1 «А» сынып оқушы Дәулетқызы Айзере өз үйінің жылуын қысқы маусымға қалай дайындау керектігін сіздермен бөліскенді жөн көрді. Қысқы маусымда үйдің жылуын сақтау үшін үйдің есігі қос есікті болғаны дұрыс. Қос есік үйдің жылуын ұзақ сақтауға мүмкіндік береді. Отын үнемделеді. Жаз мезгілінде жылыту құбырларын тазартып, тексеру керек. Үйдегі терезені пластиктен қойған дұрыс. Себебі пластик терезе үйдегі жылуды сыртқа шығармай, сырттың суық ауасын үйге кіргізбей жылуды жақсы ұстайды. Сондай – ақ терезе шыныларының өзі де қосымша күн сәулесінен эко жылу береді. Жылуды жақсы ұстау үшін пластик терезенің резеңкелерін 2 жылда 1 рет ауыстырып отыру қажет. Үй пешінің қызуын реттейтін арнайы мотор болғаны дұрыс. Себебі үйді тез жылытып, жылуды бір қалыпты ұстайды.