Қоқыстың ыдырауы » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

19
январь
2021

Қоқыстың ыдырауы

Жаһандық ластану мәселесі қазіргі таңда өте өзекті. Кейбір адамдар қоқыстан жағымсыз иіс шығады деп ойлайды. Бірақ ол жай ғана жағымсыз иіс қана емес қоқыстың құрамында ұсақ ұлы жәндіктер, химиялық заттар, ауыр металлдар және көптеген зиянды заттар болады. Ал пластмас қоқыстың ең зияндысы. Көп қоқыс орындары пластмасты өртеп жатады, ол өртенген кезде озон қабатына зиянды ауыр металдар шығарады.Одан бөлек жанып жатқандағы түтінді жұтқан адам ағзасында ауру туындайды. Пластмасты өртегендегі түтін ауаға көтеріліп, жерге жаңбыр күйінде қайта түседі. Енді мынаған қараңызшы күнделікті қоқыстардың ыдырау уақыты. Дәретханада қолданатын қағаз 2-4 күн, газет – 1-3 айға, алма қалдығы және картон қораптар 1-5 ай, фотосуреттер мен сіріңкелер 3 -14 ай, темекінің қалдығы мен журналдар 1-5 жыл, боялған тақтайлар мен пакеттер 15 жыл, консерва банкалар 50 жыл, алюминий мен батарейкалар 200 жыл, ал енді мынаған қараңыз күнделікті қолданатын пластик бутылкалар мен баланың жаялық орнына қолданатын памперстеріңіз  400-450 жыл ыдырайды екен. Ал, шыны бөтелкелеріңіз 1000 жылдан артық ыдырайды. Ғалымдар мен қоғам белсенділері планетамыздың түтін мен күл қоқысқа тұншығып жатқанын айтып, дабыл қағуда, сіз де экологияға және жерге деген көзқарасыңызды өзгертіңіз. Қоршаған ортамызды және табиғатымызды аялайық!

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее