Консервы калдықтарын кәдеге жарату
Біз жыл сайын алдыңғы жылға қарағанда тұрмыс қалдықтарын көптеп шығарамыз. Тұрмыс қалдықтары жер асты шұңқырларына көміледі немесе ашық полигондарда шашылып жатады. Халық саны артқан сайын шығарылатын қоқыс мөлшері де артады. Жер бетіндегі қоқыстардың көбейгені соншалық, кей елдерде үлкен тауларға айналған. Қоқыстардың ыдырауына жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар кетуі мүмкін. Консервы құтысының ыдырауына 100 жыл, пластиктің ыдырауына 500 жыл қажет болады екен. Ашық полигондағы қалдықтар зиянды газдарды бөліп шығарады. Қоқыстарды сұрыптау арқылы қоршаған ортамызды қорғауға болады. Қоқыстың 80% шыны, пластик, консервы құтылары құрайды. Оларды қайта өңдеу арқылы қажетімізге жаратуға және айналамызды таза сақтауға болады. Өкінішке орай, ондай өңдеу заводтары жоқтың қасы. Бұдан шығар жол – өзіміз тұтынған тұрмыс қалдықтарынан үйімізге пайдалы заттар жасау, жақындарымызға сыйға тарту. Консервы қалбырларды пайдаланып, әдемі ыдыстар, гүл өсіретін ыдыстар, канцелярлық заттар салатын ыдыстар жасаңыздар. Тіпті, ынта болса, шағын бизнесты де дөңгелетуге болады.




