«Таза әлем» акциясы аясында «Сіз қалдықтарды қалай сұрыптайсыз?» сауалнамасы » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » «Таза әлем» акциясы аясында «Сіз қалдықтарды қалай сұрыптайсыз?» сауалнамасы

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

19
январь
2021

«Таза әлем» акциясы аясында «Сіз қалдықтарды қалай сұрыптайсыз?» сауалнамасы

Адам баласының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Әрбір адам үшін өз елінің тазалығы, жұтатын ауасы маңызды деп ойлаймыз. Қазіргі уақытта дамып жатқан ел болғандықтан қоқысты сұрыптап, бөлек-бөлек жинақтайды. Кейбір қалаларда арнайы қоқыс жәшіктері де қойылған. Осыған байланысты әлеуметтік WhatsApp  желісінде ата-аналарға, жоғары сынып оқушыларына «Таза әлем» акциясы аясында «Сіз қалдықтарды қалай сұрыптайсыз?» деген сұрақ қойылған болатын. Бұл сұраққа адамдардың 95%-ы бөліп жинау қажет деп өз пікірлерін білдірсе, барлығы табиғатты қорғауды және қоршаған ортамызды таза ұстауымыз керек екендігімізді тілге тиек етіп, қоқыстарды сұрыптап, одан қажетті бұйымдар жасай алатындарын, өз орталарында міндетті түрде насихат жұмыстарын жүргізетіндерін айтты.


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее