«Керексіз заттардан қалай арыласыз?» атты оқушылары арасында өткізілген сауалнама
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан жастарына «Қоғам - тазалығы мен экологиясын жақсарту біздің қолымызда» - деген ұран тастағымыз келеді және сол қалдықтарға екінші өмір сыйлайық демекпіз. Себебі, мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, қазір даламызда 22 млрд. тонна тұрмыстық қалдық пен қоқыс жинақталыпты. Оның 16 млрд. тоннасы техногендік, минералды қалдықтар болса, 6 млрд. тоннасы – адам денсаулығына аса қауіпті химиялық қалдықтар. Мұның сыртында өнеркәсіптік қалдықтардың үлесі тіпті орасан. Оларда 25 млрд. тонна қалдық тұнып тұр қазір. Швед ғалымы Нильс Бордт: «Адамзат атом бомбасынан жойылмайды, олар өз қалдығына тұншығуы мүмкін», – депті.
Осы орайда үстіміздегі жылдың басында жарияланған статистикалық деректер бойынша біздің елімізде жыл сайын 20 миллиард тонна қоқыс-қалдықтар жинақталып қалатын көрінеді. Бұл тек біздің елге ғана тән өзекті мәселе емес. Әлемдегі дамыған және қарқынды дамуға бет алған мемлекеттердің барлығы қалдықтарды өңдеуге қатысты проблемаға бас қатырады. Аталған мәселе Еуропада да тым өткірлігімен ерекшеленеді. Дегенмен қарт құрлықтағылар қоқыстан да пайда табудың тың жолдарын іздестіруден және оны қолданудан басқалардың алдында тұр.
Адам баласының кез келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар қажетті шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп, қажетті өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.
Қазіргі уақытта қауырт технологиялық дамумен ұласа келген адамның табиғаттан алшақтануы және табиғатқа тұтынушылық көзқараспен ғана қарап, бейберекет пайдалану орны толмас зардаптарға соқтыратыны белгілі болды. XXI ғасырда табиғатқа көзқарас өзгеріп, табиғат, адам, қоғам, араларындағы қарым-қатынастың аса күрделі де жауапты екендігі айқындалып, табиғатты қорғау, аялау, сондай-ақ зерделі, парасатты қарым-қатынас қалыптастыру сияқты гуманистік идеялар пайда болуда.
Осы орайда біз мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргіздік. «Керексіз заттардан қалай арыласыз?» атты оқушылары арасында өткізілген сауалнама
№ | Сұрақтар | иә | жоқ |
1 | Үйдегі қоқыс қайда жіберелетіні туралы білесің бе? | ||
2 | Қоқыстан қалай дұрыс арылу керектігі туралы айтып беріңіз? | ||
3 | Қоқыстын қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретіні туралы не білесіз? | ||
4 | Қоқыстын азаюына өз үлесіңізді қоса алам деп ойлайсыз ба? |
Үйдегі қалдықтарды жыл сайын сыртқа шығару арқылы үлкен қоқыс болып жиналатынын білдік. Онда адам денсаулығына орасан зиян келтіретін заттар болатыны бірде-бір анық екені айтылған. Сол қоқыс жиналған жерден көптеген пайдалы заттарды да табуға болады. Олар: газеттер мен пакеттер, шыны ыдыстар, шөлмектер және т.б. Көптеген заттарды өндірісте де қолдануға болады. Ал адамдар күн сайын қоқыс шелегіне қанша заттарды лақтырады екен, деген сұрақты қоя отырып, мынадай тұжырымға келдік.
Кестеге сүйене отырып, қаншама қоқысты далаға лақтыратынымызды көз алдымызға елестетуге болады. Сынып оқушыларымен бірлесе отырып, адамдардың пікірін тыңдау арқылы қоқыстан арылу үшін не істейдіндерін қарастырдық.
Адамдардың пікірі бойынша қоқысты қайда апару керектігі туралы 25 адамның сөзі қорытындыланды. Қоқыстан дұрыс арылу керектігі туралы 13 адам біліп,11 адам мүлдем білмейтін болып шықты. 25 адамның 19-ы осы керексіз заттардың қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретіні туралы біледі, 5 адам мүлдем білмейді. Қоқысты пайдаға келтіретін адамдар 8%-ға, асырғысы келмейтін адамдар 28%-дай адам болып шықты. Осыдан кейін қаламыздың қоқыс лақтыратын жері кішірейіп бара жатқан жоқ, керісінше жайылып бара жатыр. Лақтырылған пластик ыдыстар, полиэтиленнен жасалған заттар жерде жатып шірімейді екен, олар керісінше біздің экологиямызды ластайтынын түсінді.



