28
январь
2021
Қалдықтардан жасалған заттар туралы кеңес.
Мектебіміздің ұстаздардан құралған эковолонтерлер тобының мүшесі музыка пәні мұғалімі Шакерова Индира Бағдатқызы үй жағдайында қалдықты сұрыптап, соның ішінде қағаз және пластик қалдықтарынан ас үйде қолдануға қажетті 2 кеңеспен бөлісті. Ол үшін таусылып қалған майлық оралатын картон қағаз қалдығы, пластик қақпақ, желім, қайша т.б. қажетті заттар керек. Осылайша үйде сұрыпталған қалдық заттарға екінші өмір сыйлау мақсатында Индира өзінің кеңестерімен бөлісті.