«Қалдықтардың екінші өмір» » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

02
апрель
2020

«Қалдықтардың екінші өмір»

          Бастауыш сынып мұғалімі Құдайберген Г.Т «Қалдықтардың екінші өмірі» челенджін әріптестерінен қабылдай отырып, өз тәжірибесімен бөлісті. Тұрмыстық қалдықтар – пластик бөтелкенің қақпақтары және жарамсыз болып жатқан канистрді пайдаланады. Қақпақтардан ыстық кружканың, шәйнектің астына қоятын төсегіш жасауды көрсетеді. Оған керекті заттар: пластик бөтелке қақпары,ыстыққа төзімді кондитерлік қағаз, қызып тұрған үтік. Қақпақтарды гүл тәріздес орналастырып алып, ыстыққа төзімді қағаздың арасына орналастырып, қызып тұрған үтікті бастырады. Қақпақтар бір-біріне жабысып төсегіш пайда болады. Осылайша бөтелке қақпақтардан ас үйге жарамды заттар жасауға болады.

Тоңазытқышта жұмыртқа салатын орын көбіне 8 ұяшықтан ғана тұрады, жұмыртқаларды қағаз лотокта қалдыруға тура келеді. Ол тоңазытқышта орынды көп алады. Осы кезде жарамсыз жатқан канистрді қолдануға болады. Еш қиындықсыз жұмыртқаларды салатын ыдыс әзірлеуге болады. Осылайша, артық шығынсыз жасалған қарапайым заттар ас үйіңізге қажетті бұйымға айналады, күнделікті өмірімізде керегімізге айналады.

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее