11
февраль
2021
Ұстаздың қарапайым қала тұрғыны ретіндегі пікірі.
Мен, Абдрахманова Жанат, 40 жыл ұстаздың еңбегім бар мұғаліммін. Біздің микрорайонда 3 мектептің жас волонтерлері жүйелі түрде тұрмыстық қалдықтардың зиянын жеткізіп, оларды сұрыптау жолдарын насихаттауда. Қазіргі кезде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды қарапайым адамдар да үйреніп, қалыптаса бастады. Себебі, күнделікті әжелер мектеп жасына дейінгі немерелерін серуенге шығарғанда қолдарындағы қоқысты қайда тастау керектігін үнемі үйретіп дағдыландыруда. Ол үшін босаған пластик бутылканы өз аулаларына іліп қойған. Ол бутылкаға бала қолындағы конфет фантиктерін т.б. керексіз қоқысты тастайды. Кішкене балаға түсінікті, әрі ыңғайлы.Мінеки осындай шағын контейнерлер біздің ауламызда орын тапты.



