09
февраль
2021
Біз отбасымызбен қоқысты бөліп жинаймыз!
7 «В» сынып оқушысы Жанболатқызы Малика тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинауды мектебімізде жүргізіліп жатқан Эко бағдарламалардан, сынып сағаттарынан үйренуде. Ата-анасына осы жайлы айтып, отбасыларында қоқыс қалдықтарын бөлек жинауды қызығушылықпен атқарып жүр.Әкесі Жанболат тұрмыстық қалдықты пластик,шыны,темір, деп бөлек тастау үшін ең алдымен дамыған инфроструктура болуы маңызды дейді.Бөлек контейнерлер,бөлек машиналар арнап, жұмысшылар саны көп болуы керек.Ал әзірше үйімізде қоқыс қалдықтарын бөлек сұрыптап, 2-3 пакетке бөлек салуды үйрендік. Әрбір тұрғын жауапкершілікті мойынына алып үйлерінде сұрыптап әкелсе, сонда біздің экология тазарар еді деп ойлаймын. Қоқысты шашпай, жеке сұрыптап қою маған қызықты, әрі пайдалы іс болды.



