11
февраль
2021
Жан-жануарларға қамқорлық
Жан-жануарлар – ғажайып жаратылыстардың бірі, табиғаттың төл туындысы. Жан-жануарларды қорғау, оларға мейіріммен қарау – адамзат баласының асыл борышы. 4 «А» сынып оқушысы Мұратбек Мағжан «Аз да болса, көптей көрінсін» деген қағидатты жастанып, қаламыздағы «Биологиялық орталық» жануарлары мен құстарына жанашырлық танытуда. Өз үйінде тұтынған жеміс, көкөніс қалдықтарын жинап, әкесінің қолы калт еткенде апаруды әдетке айналдырған. Қамқорлық жасап жүрген жануарлардың өзін көргенде, ерекше дыбыстар шығаруы оған қуаныш сыйлайды. Мағжан өз достарын, сыныптастарын осындай игі істер жасауға шақырады және олардың да қамқорлық жасайтынына сенімді.




