13
май
2020
Қоршаған орта қамқоршысы
2 «А» сынып оқушысы Қамзағалиев Мансұр – қоршаған орта қамқоршысы, үлкендердің қолғанаты. Айналаны қоқыстардан тазартады. Бақшадағы жеміс ағаштарын зиянды жәндіктерден қорғау үшін әктеу жұмыстарын жасайды. Анасымен бірге жаңа көшеттер отырғызады. Оларды суғарады. Бөлме өсімдіктерін күтуге көмектеседі. Тауықтарына жем шашады. Табиғатқа қамқорлық жасайтын, еңбекқор балдырғанымыз Мансұр өз ісімен көпке үлгі.