22
февраль
2021
Эко-сынып сағаттарының нәтижесі
Мектебімізде үнемі экология тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылып отырады. Осы орайда 9 "В" сынып оқушысы Амирова Зарина тәрбие сағаттары нәтижесінде үйінде қоқысты сұрыптауды бастап, әдетке айналдырды. Ол онымен шектелмей дүкендерге барып, қоқысты сұрыптауға шақырып, үгіт насихат жұмыстарын жүргізуде. Бұл – барлығымызға үлгі боларлық іс, жарайсың!


