26
февраль
2021
Ескі шұлықтардан жасалған төсеніш
Осыдан сәл ертерек тұрмыс қалдықтарын қоқыс контейнерлеріне еш ойланбастан салатын болсақ, қазіргі уақытта сол қалдықтарды «қалай кәдеге жаратамыз?» - деп ойланатын болдық. Бұған себеп: мектепте жүзеге асырылып жатқан экобағдарламалар деуге болады. 2"Б" сынып оқушысы Ерболатқызы Аяла өзінің кішірейіп қалған, бір сыңары жоғалып қалған шұлықтарынан аяқ астына салатын төсеніш жасады. Астына салатын мата, ескі шұлықтарын, ине-жіп, қайшыны пайдаланды. Еш қажетсіз болып жатқан ескі шұлықтар осылайша пайдалы бұйымға айналды. Қалдықтарға екінші өмір сыйлай отырып, пайдасы бар дүниені оңай жасап үйренейік!