14
март
2021
Экомәселеге үн қосу
Бүкіл мектеп ұжымы болып атқарылып жатқан экошараларға үн қосушы ата-аналар қатары күн санап артып келеді. 4 «А» сынып оқушысы Мұратқазықызы Еркенің анасы Дина апай өзі тұрып жатқан 1 Лодочная көшесі тұрғындарын қоқыс қалдықтарын сұрыптап жинауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды. Жеке секторда тұратын тұрғындар көп жағдайда айналаны таза сақтауға мән бере бермейді. Ал, бұл жағдай қала тазалығына тікелей әсер етеді. Әр тұрғын өз тұрғылықты жерінің тазалығын сақтауға үлес қосса, экопроблемалардың алдын алар едік деп ойлайды. Көршілерін осы сауапты істі қолдауға шақырды.


