27
октябрь
2021
«Алтын ұрпақ» интеллектуалдық ойыны
«Алтын ұрпақ» интеллектуалдық ойынының кезекті саны 2-сыныптар арасында өтті. Бұл жолы қатысушылар «Алғырлар», «Тапқырлар», «Зеректер» командасына бөлініп, өз сыныптарының намысы үшін емес, сол жерде құрылған жаңа топтарының намысы үшін тартысқа түсті. Оқушылар басқа сынып оқушыларымен ойларын біріктіруге, достасуға мүмкіндік алды. 1-кезең – «Жұмбақтар сыр шертеді», әр топ өзіне берілген жұмбақтарды жауабымен (сурет арқылы) сәйкестендірді. 2-кезең – «Сен білесің бе?», аудио арқылы мәтін тыңдалып, соған сәйкес суреттерді көрсетті. 3-кезең – «Екі зерек дос», әр топтан 2 оқушыдан шығып отырды. Бір оқушының құлағына құлаққап кигізілді, екінші оқушы қолына түскен қағаздағы жазуды оқыды. Көрермендер үшін интербелсенді тақтадан оқылып жатқан сөздер көрсетіліп тұрды. Құлаққап киген оқушы қандай сөз айтылғанын тапты. 4-кезең –«Тапқыр болсаң, тауып көр», әр топқа сандар мен амал таңбалары берілді. Қатысушылар сол бойынша өрнек құрастырды. Мұндай ойындар оқушылардың білімдерін жинақтап, топпен жұмыс істей білуге бейімдеп қана қоймай, топ намысын қорғауға да бағытталатыны сөзсіз. Ойын соңында сарапшылар жеңімпаз топты анықтап, топ мүшелерін марапаттады.








