02
ноябрь
2021
"Сиқырлы қаламмен оқу" атты кітап көрмесі ұйымдастырылған
" Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында " №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" кітапханасында "Сиқырлы қаламмен оқу" атты кітап көрмесі ұйымдастырылған.Сиқырлы қаламмен оқитын 12 кітаптан тұратын бұл жинақта халқымыздың жыр дастандары, ән- күйлері мен аңыз - әңгімелері, шешендік сөздері мен бата - тілектері еніп отыр. Кітаптар, "сиқырлы қаламмен" оқуға болатындықтан, жинаққа енген күйлер мен жырларды, берілген әндердің музыкасымен тыңдауға құмартқан оқушылардың қызығушылығын тудыруда. Жаңаша негізде ұсынылған бұл жинақ халқымыздың асыл мұраларын игеріп, рухани тұрғыдан байи түсуіне оқырмандарымызға жақсы көмек беруде.Каникул күндерінде кітапханаға келген оқырмандардың да сүйікті кітаптарына айналды.




