01
ноябрь
2021
1-11 сынып жетекшілерімен оқушы бойындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу туралы дөңгелек үстел
1 қараша күні 1-11 сынып жетекшілерімен мектеп директоры Н.Н. Ахметкалиевтің қатысуымен оқушы бойындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу туралы дөңгелек үстел өткізілді. Іс - шара барысында сынып жетекшілерден сауалнама алынды, қортындысы шығарылып, талқыланды. Сынып жетекшілер өз ойларын ортаға салды. Тәрбие ісінің меңгерушілері Шиянова К.З., Нуркасымов Д.Т. сынып жетекшілердің І тоқсанда атқарған тәрбиелік іс-шаралардың ұйымдастырылуына тоқталып, ұсыныстар айтты. Мектеп психологтары Рамьянова А.М., Сапарова А.А. сынып жетекшілерге оқушылармен қарым-қатынас жасаудағы психологиялық кеңестерін ұсынды.










