04
ноябрь
2021
Білімді ұрпақ
«№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп кешені» бастауыш сынып оқушыларының күзгі демалысын қызықты әрі тиімді өткізу мақсатында күнделікті жоспарланған іс-шаралар өтуде. Осы жоспар негізінде 2 сыныптар арасында «Алтын ұрпақ» атты интеллектуалды сайыс өтті. Сайыс барысында оқушылардың ойлау жүйріктігі, танымдық деңгейі, нтеллектуалды зеректігі ашыла түсті. Барлық кезеңдерге белсене қатысқан оқушылар сайыс соңын әдемі бимен аяқтады. Балалардың жетістіктеріне ата-аналар да ризашылықтарын білдірді.