4-сыныптар арасында «Алтын ұрпақ» интеллектуалды ойыны өтті
2 қараша күні «№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешенінде» күзгі демалысты ұтымды пайдалана отырып, 4-сыныптар арасында «Алтын ұрпақ» интеллектуалды ойыны өтті. Оқушылар «Тапқырлар»,«Алғырлар», «Ойшылдар» болып, үш топқа бөлінді. Сайыс төрт кезең бойынша өтті.
1-кезең « Қызық екен». Таблодан бөлім таңдап,сұраққа жуап берді. «Тұлғаны тани біл», «Сиқырлы сандар», «Ғажайып табиғат», «Сөз сыры»
2-кезең «Зерделі». Зерттеу жұмысына бағытталған тапсырмаларға эксперимент жасау арқылы пікірлерін дәлелдеді.Су мен сүт,су мен топырақ,су мен тұз.
3-кезең «Ертегілер елінде». Аудио-ертегіні тыңдау арқылы ертегіні табу.
4-кезең «Құпия сандық» .Жұмбақты шеше отырып ,сандықшадан жұмбақтың жауабы көрсету.
Ойын соңында белсене қатысқан топтар марапатталды.Күзгі демалыс кезінде оқушылар ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысып,өздерінің ұйымшылдықтарымен,тапқырлықтарымен ерекшеленді.
Алдағы уақытта осындай ойындар өз жалғасын табуда.