05
ноябрь
2021
Күзгі демалыс уақытында серіктес мектептерге семинар-курс ұйымдастырылды
5 қараша күні серіктес мектептерге ("N26 ЖОББМ" КММ, "Ақбұлақ ОМ" КММ) "Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы мұғалімдердің ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру" тақырыбында семинар-курс ұйымдастырылды. Мақсаты: сабақ барысында қолдануға болатын видеоматериалдар мен интерактивті жаттығуларды қалай, қандай программаларда жасауға болатыныдығын көрсету, нәтижелі жұмыс жасауға бағыттау.














