Күзгі демалыс кезіндегі қолөнер үйірмесі бойынша ұйымдастырылған тәжірибе алмасу көрмесі » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Күзгі демалыс кезіндегі қолөнер үйірмесі бойынша ұйымдастырылған тәжірибе алмасу көрмесі

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

03
ноябрь
2021

Күзгі демалыс кезіндегі қолөнер үйірмесі бойынша ұйымдастырылған тәжірибе алмасу көрмесі

    3 қараша күні №3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешенінде мектепаралық қолөнер үйірмесі бойынша «Шеберлік әлеміне саяхат» атты ұстаздар мен оқушылардың іс-тәжірибе алмасу көрмесі ұйымдастырылды.  Күзгі демалыс кезінде көрмені өткізу мақсаты оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың қабілеттерін шыңдау, шағармашылыққа баулу. Бұл көрмеге №3, №27 және №29 мектептің көркем еңбек пәні мұғалімдері Ахметбаева А.К., Калиева С.К., Кенжегалиева Л.Б. өз шәкірттерімен қатысты. Тәжірибе алмасу алыңында ұстаздар шимен кілем тоқу, жүнмен жұмыс жасау және жүнді басу әдістерін көрсетіп өз тәсілдерімен бөлісті. Ал, оқушылар әртүрлі бағытта  шығармашылықтарымен бөлісті. Олар сурет салу, ши тоқу және қалдық заттан тиімді зат жасаудың техникаларын көрсетті. Іс-шара соңында ұстаздар мен шәкірттері алғыс хат және дипломдармен мараптталды




Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее