26
ноябрь
2021
«Жасөспірім қыздардың репродуктивті денсаулығының негіздері» тақырыбында дәріс өткізілді
2021 жылдың 26 қараша күні 10-11 сынып қыздарының арасында «Жасөспірім қыздардың репродуктивті денсаулығының негіздері» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті қалалық «Жанұя орталығының» психологі Калиева Динара Айдарқызы жүргізді. Оқушыларға репродуктивті жүйесімен байланысты физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың жай-күйімен, сондай-ақ осы саладағы мәселелердің алдын алу және шешу арқылы репродуктивті денсаулықты қамтамасыз етуге ықпал ететін әдістер және технологиялармен таныстырылды.
Дәріс барысында қыздардың репродуктивті денсаулығы, жеке гигиенасжәне ерте жүктіліктің алдын алу туралы өзекті мәселелері көтерілді. Оқушылар маманға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оған білікті жауаптар берілді.