24
февраль
2021
4-сыныптарда «Қалдықтардың қоршаған ортаға әсері» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізілді.
4 «Б» сыныбында информатика-экология пәндері бойынша «Қалдықтардың қоршаған ортаға әсері» тақырыбында кіріктірілген сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты: өз үйіміздің жанындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚТ) айқындау және сол тұрмыстық қалдықтардың шығу тегін сипаттау. ТҚТ-дан шыққан әр түрлі қосылыстардың бар екендігіне көз жеткізу.
Сабақта оқушыларға ТҚТ туралы ақпараттар берілді, сонымен қатар оқушылар интернет көздерінен қосымша ақпараттар жинақтап, презентация түрінде ұсынды. Сабақ соңында мынадай қорытынды жасалынып, ұсыныстар айтылды:
Егер біздің қаланың әрбір тұрғыны ТҚТ зияны туралы ойласа, табиғат әлдеқайда таза болар еді.
Оқушылар ұсыныстары:
1. Мектеп алаңдары мен мектептің және тоғанның жанындағы саябақ аймағындағы қоқысты жинау;
2. Тұрмыстық қоқыс қаупі туралы тұрғындар арасында насихат жүргізу;
3. Өз сыныптарында экологиялық білім тарату барысында «Қоқыспен не істеуге болады?» тақырыбында үнемі ой бөлісіп отыру.