08
декабрь
2021
"Кітап оқуға шақырамыз" акциясы
"№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені"КММ нің кітапханасы ұйымдастырған " Кітап оқуға шақырамыз" акциясы бойынша оқырмандар өздерінің оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісуде. 2"а" сынып оқушысы Төлеуғали Айзере өзі оқыған Жыл он екі ай журналынан "Қоян" өлеңін жатқа айтса, 3"а" сынып оқушысы Ерсайынова Амина "Жеті қарға" ертегісін оқуға шақырды. 4"а" сынып оқушылары Қамзағалиев Мансұр "Балбұлақ" кітабы мен Болат Ерали "Уәдеге берік жігіт" ертегісін оқып, оқырмандарға осы ертегі мен әңгімені оқуға ұсынды.