19
ноябрь
2021
«Күзгі каникулда кітап оқу»
3 «а» сынып оқушылары Серік Раяна мен Жасұланқызы Амина күзгі каникулда «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында республикалық «Каникулда кітап оқимыз» марафонына белсене қатысқан оқушылар. Раяна мен Амина демалыс уақытын тиімді пайдаланып, кітап оқуға арнағанын айтады. Әр оқыған қызықты ертегілері мен әңгімелерінен түйген ойларымен өз достарымен бөлісті. - Көп оқыған бала көп біледі дейді Раяна мен Амина. Оқыған кітаптарынан өздері кітап оқу күнделіктерінде жүргізген. Осындай пайдалы іспен айналысқандарын сыныптастарымен бөліскенді жөн көрді.