«Баршаға әрі жекеге арналған мектеп»
Білім сапасын арттыру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл барлық оқушылардың білім беру бағдарламасын сәтті меңгеруі, зерттеу дағдыларының қалыптасуы, әрі қарай оқуға және саналы кәсібін таңдауға дайындау қажеттілігімен анықталады. Мектептің даму жоспары аясында білім алушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін ашу арқылы табысты тұлғаны қалыптастыру үшін қолжетімді, тиімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ететін тұтас жүйені құру; мектеп түлегінің қазіргі қоғам өміріне қажетті жалпы құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында «Баршаға әрі жекеге арналған мектеп»жобасы жасалып, жүзеге асырыла бастады Әр буын оқушыларын нақты жоспарланған бағдарламалар индикаторлары бойынша нәтижеге бағыттай отырып жұмыс жасау мектеп ұжымы еншісінде.Төменгі сыныптар үшін Кураторлық әдістеме «Ақылды үшінші»таңдап алынды,1-3 сыныптар ұстаздары қамтылды. Технология ұстаздардың өз тәжірибесін әріптестер тәжірибесімен салыстыруға, жетілдіруге, нәтижесінде – оқу сапасының артуына мүмкіндік береді. 4-5-6 сыныптарда«LessonStady» зерттеу сабақтары – негізгі пәндер бойынша оқушылардың оқу мотивациясын көтеру,ынтымақтастықта оқыту және оқу сапасын арттыруды көздейді. 7-9 сыныптарда оқу үрдісіне «Төңкерілген сынып» технологиясын енгізу арқылы оқушылардың өздігінен білім алуларына, алған білімдерін сыныптастарымен бөлісуге, толықтыруға, білім сапасының ілгерілеуіне жағдай жасауды қамтитын оқыту моделі енгізілді.8-11 сыныптар үшін «Тігінен және көлденеңінен жоспарлау» технологиясы енгізілді. Әдістемелік бірлестіктің мұғалімдері бірігіп, технологиялық картаны құрастырады, оқытудың таңдаулы тәсілдерін қолдана отырып, әртүрлі параллельді оқушылардың әмбебап оқу әрекетін (дағдыларын) дамыту бойынша жұмыс жүргізеді. ҚМЖ құрастыру кезінде пәнді интеграциялау, оқушылардың әмбебап оқу дағдыларын дамыту мүмкіндігін анықтайды, қажетті ресурстардың ортақ банкін құрады. Ұстаздар үй тапсырмасының көлемін межелеу; әр оқушының тиімді оқуын қамтамасыз ету; бір сыныптағы оқушыларға сабақты бірлесе жоспарлауға мүмкіндік алды.Ұстаздар арасында тәжірибе алмасу; кәсіптік құзыреттіліктің дамуына жол ашылса, оқушылар аталған сабақтарға үлкен жауапкершілікпен, қызығушылықпен қатысуда.
Кураторлық әдістеме «Ақылды үшінші»
«Баршаға әрі жекеге арналған мектеп»жобасы аясында төменгі сыныптар үшін Кураторлық әдістеме «Ақылды үшінші»таңдап алынды,1-3 сыныптар ұстаздары қамтылды. Бұл технология ұстаздардың «бекініс аймағынан» шығуына, өз тәжірибесін әріптестер тәжірибесімен салыстыруға, жетілдіруге, нәтижесінде – оқу сапасының артуына мүмкіндік береді. Мақсат сабақ беретін мұғалімді бағалау, кеңес беру емес, белгілі бір аспектіні қадағалау, жазбалар жасау, содан кейін рөлдерін өзгерту. «Үштік» (триада) (2 ұстаз және куратор) құру. Куратор немесе «Ақылды үшінші» педагог-зерттеушілерден сайланды.Кураторлық әдістеменің басым бағыттары– өзара әрекеттесуге қатысушыларға нақты мақсат қоюы, қорытынды ойды айтуы, қысқа уақыт ішінде көп сабақтар саны, қатысушылар арасындағы өзара әрекеттестіктің біртіндеп күрделенуі, ұстаздар «оқшаулануын» жеңу,мұғалімдер арасындағы күшті кәсіби желілер, ұжымдық оқыту дағдыларын жақсарту, жалпы білім беру нәтижелерін жақсарту.«Ақылды үшінші» технологиясы бойынша жүргізілген жұмыстың алғашқы айналымында, апта ішінде 10 сабақ өткізілді.Жұптасқан ұстаздар сабақ жоспарын бірге даярлап, әдіс-тәсілдерді кеңесе отырып таңдап алуға, кездескен кемшіліктерді бірге жоюға мүмкіндік алды. Ұстаздар аталған технологиямен оқу жылы бойына жұмыс жасамақшы.
Зерттеу сабақтары «Lesson Stady»
«Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасы аясында4-5-6 сыныптарда«Lesson Stady» зерттеу сабақтарының 1-кезеңі жүргізілді. Күтілетін нәтиже: ұстаздарымыз зерттеу әдісін тереңінен меңгереді, тәжірибеге енгізу қадамдарын нақты үйренеді. Ынтымақтастықта оқыту дағдылары қалыптасады. Жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамдарды салыстыра отырып, «зерттелетін оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтарының себебін белгілеу, сол арқылы табысты оқуға нақты қадамдар жасау, оқушылар белсенділігіне қол жеткізу.4-5-6 сыныптарда негізгі пәндер бойынша оқушылардың оқу мотивациясын көтеру, тәжірибеге енгізілуін насихаттау арқылы мектеп дәстүріне айналдыру және оқу сапасын арттыру.Аталған нәтижеге қол жеткізу, жұмысты жүзеге асыру үшін: зерттеу топтары құрылды; сыныптар анықталды; сабақтар тізбегі жасалды; жұмыс жоспарлары мектеп директорымен бекітілді.Сабақта зерттеу жүргізу жүйесі жасалды. Апта ішінде4-5-6 сыныптарда11 зерттеу сабақтары өткізіліп, пән сабақтарында оқушыларға оқыту мен оқудың тиімді тәсілдерін қолдану, әдіс-тәсілдер топтамасын жасақтау арқылы «барлық оқушыны» оқуға , сыни ойлауға тартудың жолдарын меңгеру және зерттеудегі тақырыптың түйінді идеясын шешу жолдары айқындалды.
«Төңкерілген оқу»
7-9 сыныптарда оқу үрдісіне «Төңкерілген сынып» технологиясын енгізу арқылы оқушылардың өздігінен білім алуларына, алған білімдерін сыныптастарымен бөлісуге, толықтыруға, білім сапасының ілгерілеуіне жағдай жасау әрі водкаст технологияларын пайдалануды қамтитын оқыту моделі енгізілді. Ұстаздар жаңа тақырыптар бойынша бейнематериалдар, презентациялар даярлау; технологияны қолдануға арналған сабақ жоспарларын, жетістік критерийлері бойынша бағалау нәтижелерін жинақтау; сауалнамалар құру; нәтижесін өлшеу мақсатында тест даярлау, мәліметтерді салыстырумен айналысса, білім алушылар мәтіндерді оқу, түсіндірме сызбаларды қарау; бейнематериалдар, презентациялармен танысу, қажет болған жағдайда бірнеше мәрте қайталап көру;өздігінен алған білімдерін сыныптастарымен бөлісуге, бір-біріне түсіндіруге мүмкіндік алды. Аталған технологиямен өткен сабақтар оқушылар белсенділігінің артуына, дәстүрлі сабақтарда «оқшауланып отыратын» балаларда оң мотивацияның қалыптасуына жол ашты.
«Тігінен және көлденеңінен жоспарлау»
«Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасы аясында 8-11 сыныптар үшін «Тігінен және көлденеңінен жоспарлау» технологиясы енгізілді.
Тігінен жоспарлау– бір пән бойынша мұғалімдер тобы тігінен (сыныптан сыныпқа) негізгі бағыттарды, ұғымдарды, әмбебап оқу іс-әрекетін (дағдыларын) және оқыту тәсілдерін сәйкестендіретін, негізгі бағытты айқындайтын оқыту мен оқуға арналған нұсқаулықты әзірлеу және енгізу үшін бірлесіп жұмыс істейді,оқу мақсаттарына жетудің жетістік критерийлерін дайындайды. Тігінен жоспарлауды қолдану кезінде бір әдістемелік бірлестіктің мұғалімдері бірігіп, технологиялық картаны құрастырады, оқытудың таңдаулы тәсілдерін қолдана отырып, әртүрлі параллельді оқушылардың әмбебап оқу әрекетін (дағдыларын) дамыту бойынша жұмыс жүргізеді. ҚМЖ құрастыру кезінде пәнді интеграциялау, оқушылардың әмбебап оқу дағдыларын дамыту мүмкіндігін анықтайды, қажетті ресурстардың ортақ банкін құрады.
Көлденең жоспарлауды бір параллельде оқытатын әртүрлі пән мұғалімдері жүзеге асырады, оқушылар оқуындағы оң динамиканы қамтамасыз ету. Мұғалімдер бағдарламаның ауқымы бойынша бірге жұмыс істеді. Ерекше қажеттіліктері бар параллель, сынып және жеке оқушылар үшін оқытуды жоспарлап, сабақтар өткізді. Ресурстарды ортақ пайдалану; үй тапсырмасының көлемі; пәнаралық интеграция; әр оқушының тиімді оқуын қамтамасыз ету; пәнаралық байланыс, бір параллелдегі оқушылар үшін оқу процесін жоспарлау; бір сыныптағы оқушыларға сабақты бірлесе жоспарлауға мүмкіндік алды. Оқушылар аталған сабақтарға үлкен қызығушылықпен қатысуда.



