Мектеп оқушыларына экологиялық мәдениетті насихаттау мақсатында «ЭкоАсар» бастамасы аясында эко-сағат өтті. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » » » Мектеп оқушыларына экологиялық мәдениетті насихаттау мақсатында «ЭкоАсар» бастамасы аясында эко-сағат өтті.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

08
февраль
2021

Мектеп оқушыларына экологиялық мәдениетті насихаттау мақсатында «ЭкоАсар» бастамасы аясында эко-сағат өтті.

Экологиялық проблема - біздің заманымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі. 2018 жылғы nonews.co, myecoschool.kz сайтының статистикасына сүйенетін болсақ, Қазақстан табиғаттың экологиялық жағдайы бойынша әлемдік рейтингте 101-орын алады. Тек экологиялық дүниетаным, тірі адамдардың экологиялық мәдениеті ғана планетаны және адамзатты қазіргі өмірдегі апаттық жағдайдан алып шығуы мүмкін. Сондықтан балаларды экологиялық тәрбиелеу қазіргі кездегі өзекті мәселе болып табылады
Табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту бала кезден маңызды. Адам өмірінің алғашқы 7 жылы - бұл тұлғаның қалыптасу кезеңі. Бұл жаста адамның дүниетанымы мен дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Мектепке дейінгі балаларға экологиялық білім берудің негізгі мақсаты: экологиялық мәдениеттің қағидаларын қалыптастыру: баланың табиғатқа, оның айналасына, табиғаттың бөлігі ретінде өзіне және адамдарға, табиғи заттар мен материалдарға деген дұрыс қатынасы. Мұндай қатынас қарапайым экологиялық білімнен қалыптасады. Ал бастауыш сыныптарда балалар қоршаған ортамен танысады, адамдардың әрекеттерінен туындайтын табиғаттағы проблемаларға мысал келтіреді. Психологтардың айтуынша, балалардың табиғатқа және экологиялық проблемаларға деген қызығушылықтарын ояту үшін 3 бағытта жұмыс жасау қажет:
• баланың эмоционалды қасиеттерін дамыту: таңдану, жанашырлық сезім, табиғат объектілеріне деген жағымды сезімдер, дұрыс мінез-құлық;
• жинақталған білімді жүзеге асыру үшін жағдай жасау. Сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық білімді көрсетуге мүмкіндік беру;
• жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру.
Біз барлық үш бағытқа сүйеніп, экологиялық тәрбие берудің 4 әртүрлі формасымен жұмыс жасадық:
Біріншіден, балаларға әлеуметтік желілер, ғаламтор арқылы әсер ету. Ғаламторда парақшалар ашып, танымды видеоларды жүктеу, әлеуметтік желілерде экологияны қорғау идеяларын насихаттау.
Екіншіден, экологияны қорғауға арналған іс-шараларды ұйымдастыру. Экологияға арналған мерекелерді, сайыстарды ұйымдастыру. Мақсаты: табиғат проблемаларына қызығушылықты ояту.
Үшіншісі - еңбек. Табиғат бұрыштарын, гүлзарларды жабдықтау, сенбіліктер мен сыныптық тазалық жұмыстарын жүргізу.

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее